Ревиплант - xимиорадиопротектор
- Сипаттама
- Құрама
- Көрсеткіштер
- Қарсы көрсеткіштер
- Қолдану режимі
- Жанама әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
-
Ревиплантқа жүргізілген клиникалық зерттеулердің нәтижелері туралы есеп.
ЖАҢА БУЫНДЫ ХИМИО - ЖӘНЕ РАДИОПРОТЕКТОР
Онкологиялық ауруларды емдеудің негізгі әдістерінің бірі – химосәулелі терапия, ол улы қосылыстары бар дәрілік заттарды, ісік жасушаларын жоятын және көбеюін болдырмайтын радиобелсенді сәулеленуді қолданады. Дегенмен, химиотерапиялық дәрілік заттардың емделу процесінде көзделген мақсатта әсер етпеуі зақымдалған ғана емес, сондай-ақ сау жасушалар да зардап шегеді, бұл науқастың жағдайын едәуір тереңдететін жанама әсерлерге әкеледі. Сонымен қатар, химиотерапиямен байланысты асқынулар әлсіреген науқастардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін, бұл емдеу шараларының мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді және тиімділігін төмендетеді. Заманауи медицина үшін маңызды міндет - дененің сау жасушалары мен тіндерін зиянды факторлардың (химиотерапия және радиациялық терапия) әсерінен қорғау және емдеудің тиімділігі мен оған төзімділігін арттыруға мүмкіндік беретін құралдар мен препараттарды ойлап шығару. Осындай құралдардың бірі- РЕВИПЛАНТ®.
Бұл улы затты шығару, антиоксиданттық, гепатопротекторлық және радиопротекторлық қасиеттері бар кешенді препарат. Ол ісік өсуіне қатыспайтын сау жасушаларды ДНҚ-байланыстыратын химиотерапевтік препараттардың (алкилирлеу, митомицин C, Pt препараттары) цитотоксикалық әсерінен қорғайды, химиотерапия кезінде байқалатын гемато-, нефро-, нейро- және ототоксикалық реакциялардың ықтималдығын төмендетіп, емдік шаралардың көтере алушылығын айтарлықтай жақсартады және олардың тиімділігін арттырады. Сәулелі терапия аясында препарат гепатопротекторлық қасиет көрсете алады.
РЕВИПЛАНТ препаратының тиімділігі оның құрамына кіретін амин қышқылдарының қасиеттері арқылы анықталады: лейцин, валин, аргинин, изолейцин және таурин, олар бауырда тотығу-тотықсыздану процестерінің белсенуін қамтамасыз етеді, гепатоциттердің мембранасын тұрақтандырып, митохондрия функцияларын қалыпқа келтіреді, еркін амин қышқылдар және олардың туындыларының бірлесуін, сондай-ақ бауырда ақуыз синтезін қалыптастыру әсерлеріне ие. Амин қышқылдарының кешені ағзаға ынталандырушы әсері етеді, төзімділікті арттырады, радиацияның немесе улы заттардың әсерінен кейін қалпына келуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, амин қышқылдары ақуыз синтезі және эндогенді биорегуляторы үшін бастапқы материал болып табылады, бұл зат алмасу процестерін қалпына келтіреді, емделу барысындағы ағзаның күйзелісінен кейін дамыған бұзылыстарды қалпына келтіреді.
Химиотерапияның жиі кездесетін асқынуларының бірі иммунитет тапшылығының дамуы болып табылады. Иммундық жүйе функцияларының едәуір әлсіреуі, организмді ісік жасушаларына қарсы дербес күресу қабілетінен айырады, бұл олардың белсенуіне қосымша жағдай жасайды. РЕВИПЛАНТ ауру жасушаларды жоюға табиғи, генетикалық бағдарламаланған процесті индуцирлеуге мүмкіндік береді, бұл соңына келгенде химия-сәуле терапиясының тиімділігінің артуына ықпал етеді.
-
Су, фруктоза, итмұрынның қоюлатылған шырыны, амин қышқылдары: валин, аргинин, таурин, лейцин, изолейцин; сығындылар: бөрікгүл, итмұрын, түйежапырақ, маралтамыр, қара саңырауқұлақ: лимон қышқылы, натрий бензоаты, калий сорбаты.
Валин мен тауриннің көзі ретінде ұсынылады.
2 шай қасық (10,5 г) құрамында кем дегенде:
-
валин - 420 мг, бұл 16,8% *
-
таурин - 73,5 мг, бұл 18,4% *
* тәуліктік тұтынудың адекватты деңгейінен.
Дәрілік зат емес.
-
-
-
радиациялық және химиялық факторлармен шақырылған екіншілік иммунды тапшылықтың компенсациясы және алдын алу үшін
-
интоксикацияға, инфекцияларға, радиацияға ағзаның қарсыластығын арттырады
-
онкологиялық науқастардың әл-ауқатын жақсарту
-
зат алмасу процестерін түзеу, ауырсыну синдромын төмендету
-
химорадиотерапияға төзімділікті арттыру
-
онкологиялық ауруларды емдеудің тиімділігін арттыру
-
-
Жеке көтере алмаушылық, жүктілік, лактация кезеңі.
-
Ересектер мен 14 жастан асқан балалар, 1 шай қасықтан (5,25 г), күніне 2 рет тамақпен бірге. Қабылдау ұзақтығы - 1 ай. Жылына 3-4 рет мүмкін қайталап ішуге болады.
-
Жанама әсері байқалған жоқ.
- Пікірлер
-
Сұрақ қою