Адестаб – қантамырлар саулығы
- Сипаттама
- Көрсеткіштер
- Құрамы
- Қолдану әдісі
- Қарсы көрсеткіштер
- Жағымсыз әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
- Қол жетімділік
-
Сау қантамыр – ұзақ ғұмыр.
Қазіргі заманғы өмір ағысы, стресс және гиподинамия барлық ағзаның жағдайына теріс әсер етеді. Ең маңызды, бірақ әлсіз жердің бірі тамыр қабырғасы. Оның қоректенуі мен серпімділігінің бұзылысы оның зақымдануына алып келеді. Нәтижесінде атеросклеротикалық табақшалар пайда болып, атеросклероз дамиды. Соңғысын, өз кезегінде, гипертониялық және ишемиялық ауруларсыз елестету мүмкін емес. Статистиканың құрылымындағы өкініштісі, осылар және асқынулары, инфаркт пен инсульт алғашқылардың қатарында.
Инфаркт пен инсультты алдын алудың әр түрлі әдістері бар. Дегенмен, оның жетістігінің негізгі кепілі тамырдың серпімді қабырғасы. Бұл үшін Ревитализация және денсаулық орталығында жұмсақ гипотензивті және ангиотропты препарат пайда болды – бұл Адестаб.
АДЕСТАБ препаратын курспен қолдану қан қысымын тұрақтандыруға мүмкіндік береді және ағзадағы тамырлы асқынулардың пайда болу қаупін азайтады.
Бүкіл ағзаның тіршілігін қамтамасыз ететін қан айналымы жүйесінің қалыпты жұмыс істеу үшін қантамырының жағдайын қалыпты ұстап, ең алдымен олардың серпімділігін сақтау керек.
Сау қантамырының қабырғалары серпімді, олар қажет болған жағдайда кеңейіп, тарыла алады. Бұл процесс қан ағымын арттырады, яғни, тіндер мен мүшелерде қалыпты қарқынды алмасу болып жатқанын білдіреді. Тамырлар тарылған кезде, керісінше, метаболизм процестері баяулайды. Тарылған қан тамырлары арқылы қан баяу ағады, сондықтан олар қан жеткізетін тіндер мен мүшелер ашыға бастайды. Бірақ ең қауіптісі - тіндер мен мүшелерде ыдырау өнімдерінің жинақталуы, бұл олардың функцияларын айтарлықтай бұзады.
Қан тамырларының серпімділігіне қамқорлық жасаудың тағы бір маңызды себебі бар- олардың тарылуына және кеңеюіне байланысты артериялар мен көктамырлардағы қысым реттеледі. Қысымның айырмашылығы қан тамырлары арқылы қанның қозғалысын қамтамасыз етеді. Естеріңізде болар, артерияларда қысымның жүрекке жақын жерлерде жоғары, ал көктамырда - керісінше төмен болуы тиіс. Бірақ жалпы веноздық капиллярдағы қысым артерияларға қарағанда төмен болуы керек, әйтпесе қан көктамырға түспейді. Көктамырдың қабырғалары өз икемділігін жоғалтқанда, олар қанға толады және тарыла алмайды, көктамырда қысым жоғарылай түседі, нәтижесінде көктамырлық және артериялық капиллярлар арасындағы қысымның айырмашылығы азаяды. Бұл метаболизм процестерінің баяулауына, гипоксияның (оттекті аштық) дамуына, ыдырау өнімдерінің тіндерде жинақталуына алып келеді, демек, олардың функцияларының бұзылуының тағы бір себебі. Стресс жағдайында кернелудің өзгерісі жаттықпаған қантамыры қабырғасының бұзылуын немесе зақымдануын дамытады, бұл тромбозға алып келуі мүмкін. Сол үшін стресстік жағдайда тамыр қабырғасы шыдамды болып немесе бұзылмауы үшін серпімді болуы тиіс.
АДЕСТАБ - қан тамырларының серпімділігін сақтай отырып, тамырлы тонусты жұмсақ реттеуші әсері бар курстық препарат.
Қан айналымының қалыпты жұмыс істеуінің тағы бір маңызды шарты - қан тамырларының қабырғаларының тегіс болуы, ол арқылы қан кедергісіз жылдам ағып кетеді. Алайда, серпімсіз зақымдалған тамырда ішкі қабаты бұзылады, эндотелий, қабырғаларға қан ұйындылары жиналып жабысады немесе атеросклеротикалық табақша пайда болады. Тамырдың ішкі бетіндегі мұндай кедергілер қанның құйындалуын тудырады, мұнда қан жасушалары соқтығысып, құрылымын жоғалтады немесе тіпті өледі. Нәтижесінде қан құрамы өзгереді.
Сау тамырдың қабырғалары қанның ұюын болдырмайтын, арнайы заттарды бөліп шығаратын эндотелийдің жұқа қабатымен ішінен жабылады. Бірақ интима (тамырдың ішкі қабаты) зақымдалған кезде, қан ұюы процесі бірден басталады. Алғашқы реакцияға тромбоциттер қатысады: олар зақымдалған аймаққа жабысады және олар сонымен қатар тамырдың спазмын тудыратын және жаңа тромбоциттерді көмекке шақыратын арнайы заттарды бөліп шығарады.
Бұдан әрі келесілер жүреді. Қандағы арнайы заттар (коагуляциялық факторлар) бір-бірімен бірігіп, арнайы ақуыздың - фибриннің берік жіптерінің түсуіне алып келеді. Бұл қандағы тромбтың түзілу үрдісін аяқтайды.
Тамыр қабырғасындағы зат алмасуды жақсартады және тамырдың бүтіндігін сақтайды. Сау қантамырларында жоғарыда аталған мәселелер болмайды.
Серпімді, тегіс, зақымдалмаған қантамыр қабырғалары жүрек-қантамыр жүйесінің қалыпты жұмыс істеуінің негізгі шарттары болып табылады. Сондықтан, АДЕСТАБ қан тамырларын жақсартып қана қоймай, сонымен қатар миокардқа жеңіл антиаритмикалық әсер көрсетеді.
-
-
қан қысымын тұрақтандыру үшін
-
инфарктты алдын алу үшін
-
инсультті алдын алу үшін
-
тромбозды алдын алдын алу үшін
-
етеккір тоқтауында құйылуларды азайту мақсатында
-
миокардтың қоректенуін жақсарту үшін
-
метеотәуелділікті азайту үшін
-
тор қабықтың зақымдануын алдын алу үшін
-
-
Калий хлориді, магний цитраты, жабыстырғыш агент микрокристалды целлюлоза, арония жемісінің ұнтағы (лот, Aronia melanocarpa), жаужапырақ шөптерінің ұнтағы (Lot.Melissa officinalis), қырмызы гүлінің ұнтағы (lot.Calendula officinalis), құлмақ бүршігінің ұнтағы (lot. Humulus lupulus), дәуаскөк тұқымының ұнтағы (lot. Foeniculum vulgare), кальций стеараты, гидроксипропилметилцеллюлоза (E464), полиэтиленгликоль (PEG4000), долана жемісінің сығындысы (lot. Crataegus oxyacantha), қырықбуын шөбінің сығындысы (Lot, Equisetum arvense), тағамдық бояғыш титан диацетаты (E171).
-
Ересектер мен 14 жастан асқан балаларға күніне 2 рет 2 таблеткадан тамақпен бірге. Ұзақтығы 4-6 апта. Жыл бойы қайталап қабылдауға болады.
-
Жеке көтере алмаушылық, жүктілік, лактация кезеңі.
-
Жанама әсері байқалған жоқ.
-
Сіз өнімді немесе дүкен жұмысымен қызықтыратын кез келген мәселені сұрай аласыз.
Біздің білікті мамандар сізге көмектеседі. -
Нет в наличии