Владоникс лингвал – тимус биорегуляторы
- Сипаттама
- Құрама
- Көрсеткіштер
- Қарсы көрсеткіштер
- Қолдану режимі
- Жанама әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
-
Владоникс препаратының клиникалық сынақтары
Владоникс пептидтерді зерттегендегі пионер деп сөзсіз атауға болады. Өткен ғасырдың 70-жылдарында пептидтік биорегуляторлардың бүкіл тобын дамыту осыдан басталды. Владоникс - иммундық жүйенің орталық органы болып табылатын тимустың биоргуляторы. Ол маңызды міндеттерді орындайды, өмір бойы мүшелер мен жүйелердің барлық функцияларын реттейді. Сондықтан ғалымдар тәулік бойы қызмет атқаратын иммундық жүйені қолдайтын және мерзімді бұзылыстарында функцияларын қалыпқа келтіретін препаратты шығарумен айналысты. Владоникс құрамында іріктеуден өтетін 6-12 айлық жас бұзаулардың тимусынан бөлінген пептидті кешендердің жиынтығы бар.
Алғашында препарат әскери қызметшілер үшін әзірленді (әсіресе, Ауғанстанда соғысқандар үшін). «Шиеленісті» аймақтардағы әскери адамдар кері әсер ғана емес, қоршаған ортаның экстремалды факторларына тап болады.
Осындай жағдайда иммундық жүйе қатты зардап шегеді. Ғалымдар мынадай қорытындыға келеді: егер Владоникс төтенше жағдайларды қолдаса, яғни, ол адамға үнемі әсер ететін қолайсыз факторлардың әсерін азайта алады.
Бейбіт өмір сүру жағдайларын әскеримен салыстыруға болмайды.Бірақ стресс факторларының күнделікті әсері жинақталады және соңында органға, ең алдымен, иммундық жүйеге зиянды әсер етеді, себебі ол өте күрделі ұйымдасқан (яғни, күрделі құрылымы бар) құрылым болып табылады. Бұл климаттық жағдайлардың, дірілдің, шудың, иондаушы сәулеленудің, уытты (улы) заттардың, нашар тамақтанудың, психологиялық стресстің әсері. Әсіресе, қолайсыз өндірістік факторлардың әсері маңызды. Бейбіт жағдайда Владоникс зиянды жағдайларда жұмыс істейтін адамдарға арналған. Сондай-ақ, Владоникс қарт жастағы адамдар үшін өте маңызды дәрілік зат болып табылады, өйткені қартаюда (әсіресе, ерте қартаю - жағымсыз әсерлері себебінен) ең алдымен тимус зардап шегеді.
Тимус (немесе айырша безі) – құрамында барлық иммундық жасушалары бар мүше. Солардың арқасында ол адамдағы иммунитеттің қалыпты жағдайына жауапты. Талғамайтын факт: егер организмнің иммунитеті төмендейтін (теріс факторларға қарсыластық) болса, кез келген жүйенің барлық ауруларына әсер ету қиындайды, оларды емдеу кешіктіріледі және қиынға соғады. Яғни, тимустың кез келген бұзылыстары кез-келген ауруға шалдығу қаупін арттырады.
Иммундық тетік кез келген аурудың даму механизмінде болады, иммунитеттің бұзылысы дамитын жағдай – өте көп. Жиі суық тию, кез келген аурудан кейінгі сауығу (әсіресе, инфекциялық) және қуыстық операциялар, инсульт пен миокард инфарктісінен кейінгі кезең, онкологиялық аурулар. Онкологиялық науқастарда иммунитет айтарлықтай түсіп кетеді, әсіресе, сәулелік және химиотерапия жүргізгеннен кейін. Жеке категорияға – туа және жүре пайда болған иммунотапшылықтар (ЖИТС), ол адамның өмір сүру сапасы мен ұзақтығын критикалық түрде төмендетеді.
Иммундық жүйе секунд сайын қызмет атқарғандықтан, үнемі қолдауды қажет етеді, онсыз ол күрт төмендеп кетеді. Иммундық жүйе мүлтіксіз жұмыс істеуі үшін – тимусты қолдау керек. Ол Владоникстің қолынан келеді. 40 жыл бойы препаратты зерттеу үшін ондаған ғылыми зерттеулер жүргізілді. Олар нәтижесі бойынша, Владониксті қолданғанда тимустың функционалдық белсенділігі, демек, иммундық жүйе оңтайлы деңгейге қалпына келтіріледі. Владоникс иммундық жүйенің барлық жасушаларының функционалдығын жаңаруын және жетілуін қолдайды.
Владоникстен үлкен әсер алу үшін оны Вентфортпен бірге қабылдаған дұрыс. Вентфорт - қантамырдың пептидті биорегуляторы. Тимустың қалыпты қызметі қанмен қамтамасыз етілуіне байланысты. Вентфорт қан тамырларының жұмысын реттейді, тимустың қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, сол арқылы оның тіндерін қалпына келтіруге көмектеседі. Бірақ Владониксті Вентфортсыз да сәтті қабылдауға болады және ол тимустың қызметін дербес реттей алады.
Егер сіз қоршаған орта факторларының кері әсеріне тұрақты ұшырайтын болсаңыз, бұл иммундық жүйенің ерте ме, кеш пе, сәтсіздікке ұшырайтынын білдіреді.Оны күтудің қажеті жоқ, өйткені кез-келген басқа жүйе, тіпті бірнеше жүйе істен шығуы мүмкін. Владоникс тимустың жасушаларына жаңаруға, иммундық жүйені қорғауға көмектеседі және осылайша ағзаның жүйесі мен органдарын түрлі аурулардан қорғауға көмектеседі.
Рыжак Г.А. РМҒА СББ Санкт-Петербургтің биорегуляциясы және гертонология институты директорының ғылыми жұмыс және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
-
Су, А-6 пептидтік кешені (тимустың пептидтері).
-
-
иммундық тапшылықта (біріншілік және екіншілік)
-
онкологиялық аурулар (алдын алу үшін)
-
түрлі созылмалы уыттанулар
-
инсульттан, инфарктан және басқа да аурулардан кейін оңалту кезінде
-
Владоникс лингвал денені жасартуға арналған кешенді бағдарламалардың құрамында қолданылады
-
операция кезінде және одан кейінгі мерзімдерде.
-
-
Компоненттерін жеке көтере алмаушылық, жүктілік, лактация кезеңі.
-
Тамақтанудан 10-15 минут бұрын күніне 3-4 рет 5-6 тамшыдан (0,25–0,35 мл) тіл астында. Тәулігіне 1 мл (20 тамшы) жалпы дозасы.
Қабылдау ұзақтығы:
аурудың және ерте қартаюдың алдын алу - әр жарты жыл сайын 1 ай
емдеу - 3 ай.
3-6 айдан кейін қайта қабылдау ұсынылады.
-
Жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.
- Пікірлер
-
Сұрақ қою