Хонлутен 60 – өкпенің және бронхтардың шырышты қабатының биорегуляторы
- Сипаттама
- Құрама
- Көрсеткіштер
- Қарсы көрсеткіштер
- Қолдану режимі
- Жанама әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
-
Тыныс алу жүйесі - оттегіні байланыстыруға және ішкі тыныс алу нәтижесінде пайда болған көмірқышқыл газын шығаруға мүмкіндік беретін құрылымдардың жиынтығы.Орталық мүше - бұл жүректің екі жағында орналасқан өкпе.Өкпе аурулары патологиялық процесстердің дамуына ықпал етеді, сәйкесінше қандағы оттегі азаяды. Бұл өкпе көлемінің төмендеуіне және өмір сүру сапасын едәуір төмендететін тыныс алу жетіспеушілігінің дамуына алып келеді. Түрлі аурулардан кейін туындайтын өкпедегі патологиялық өзгерістерді қалыпқа келтіру және түзету үшін тыныс алу органының биорегуляторы - Хонлутен әзірленді.
Хонлутен - бұл аминоқышқылдары бар пептидтік кешен, ол өкпе мен бронхтың шырышты қабат жасушаларының функциясын қалпына келтіреді.
Клиникалық зерттеулер инфекциялық және инфекциялық емес текті жедел және созылмалы респираторлық аурулар кезінде өкпе мен бронхтар функциясының бұзылысы бар науқастарды кешенді емдеу және алдын-алу үшін, сондай-ақ, қарт және егде жастағы адамдарда тыныс алу қызметін сақтау үшін Хонлутен тиімділігін анықтады.
Тыныс алу жетіспеушілігі мен өкпесі зақымданған науқастарда дәстүрлі терапияға қосымша ретінде Хонлутенді курспен қолдану, денсаулық жағдайының жақсаруына, жөтелу мен тұншығу ұстамалары жиілігінінің азаюына, қақырық шығуының жеңілдеуіне және физикалық көрсеткіштердің артуына ықпал ететіндігі анықталды. Сырылдың азаюы, қақырық мөлшерінің азаюы оң динамика байқатып, жалпы аурудың қабыну белгілерінің төмендеуін көрсетті.
Жоғары санаттағы спортшылардың жарысқа дайындық процесінде Хонлутенді пайдалануы аэробты қуат пен оттегі пульсінің көрсеткіштерін арттыруына, тыныс алу резервтерін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Бастапқы деңгеймен салыстырғанда тек физикалық жұмысқа қабілеттілік қана артып қоймай, спорттық маусымның соңына дейін сақталып тұрды. Зерттеу нәтижесінде, Хонлутен өкпе тінінің негізгі жасушалық элементтерінің функционалдық белсенділігін ынталандыру қабілеті бар екендігі, кенеттен жасушалық өлім деңгейін төмендету мүмкіндігі бар екендігі көрсетілді. Осылайша, препарат өкпе және бронхтық тіндерге трофикалық және тұрақтандырушы әсер етеді және оның функциясын жақсартады.
Рыжак Г.А. РМҒА СББ Санкт-Петербургтің биорегуляциясы және гертонология институты директорының ғылыми жұмыс және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Горгиладзе Д. А. Peptides ғылым жөніндегі директордың орынбасары
-
АС-7 пептидтік кешені (глицин, глутамин және аспарагин қышқылы). Қосымша заттар: микрокристалды целлюлоза (Е460), қызылша қанты, лактоза, крахмал, твин-80.
-
-
созылмалы тыныс жеткіліксіздігі
-
созылмалы жүрек-өкпе жеткіліксіздігі
-
пневмониядан кейін
-
өкпені ұзақ жасанды желдендірудің салдары
-
респираторлы дистресс-синдромы
-
өкпе туберкулезіның ремиссиясы
-
кеуде торының жарақаттары
-
жоғарғы тыныс жолдарының күйіктері
-
уытты өкпе зақымдануларының, оның ішінде, көміртегі тотығымен уланудың салдары
-
спортпен қарқынды айналысу
-
қарт және егде жастағы адамдарда тыныс алу жүйесінің функциясын қамтамасыз ету.
-
-
Хонлутен компонЖағымсыз әсері байқалған жоқ.енттерін жеке көтере алмаушылық, жүктілік, лактация кезеңі.
-
Ересектерге 1 капсуладан кунине 2 рет тамактан бурын 15-20 минут.
Қабылдау ұзақтығы:
-
ауруларды алдын алу үшін – 1 ай.
-
емдік мақсатта – 1 ай, келесі 2 айда Таксорестке көшкен жөн.
-
-
Жағымсыз әсері байқалған жоқ.
- Пікірлер
-
Сұрақ қою