Кристаген лингвал – иммундық жүйенің биорегуляторы
- Сипаттама
- Құрама
- Көрсеткіштер
- Қарсы көрсеткіштер
- Қолдану режимі
- Жанама әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
-
Иммунитет организмнің бактериялардан, токсиндерден, вирустардан, қарапайымдылардан, паразиттерден, ісік жасушаларынан және сол сияқтылардан қорғану реакциясы. Қолайсыз факторлардың салдарынан иммунитеттің төмендеуі мүмкін екендігі белгілі. Оған күйік, гипотермия, қан жоғалту, аштық, аурулардан кейінгі кезең, созылмалы стресс жатады.Бұл жағдайларда дене жұқпаларға сезімтал болады, жазылу процестері тежеледі, ісік ауруларының даму қаупі артады. Иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуі стресске қарсы, инфекцияға қарсы және ісікке қарсы қорғаныштың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді. Түрлі ауруларда иммундық жүйені коррекциялау үшін және гормоногенез бұзылыстарын алдын алу үшін иммундық жүйенің биорегуляторы Кристаген ойлап шығарылған.
Кристаген лингвал иммундық жүйенің қызметін қалыпқа келтіруге көмектесетін амин қышқылдары бар пептидтік кешен болып табылады.
Клиникалық зерттеулерде жұқпалы аурулардан кейін, сәулелі - және химиотерапиядан кейін, психоэмоционалды стресстен кейін, ағзаға жағымсыз әсер ететін факторлардың (оның ішінде, экологиялық, климаттық, геопатогенді факторлар, иондық сәулелену) әсерінен иммундық функциясы бұзылған науқастарды кешенді емдеу және алдын-алуда, қарт және егде жастағы адамдарда иммундық жүйе функциясын сақтауда Кристагеннің тиімділігі анықталды.
Кристагеннің лингвал биологиялық қасиеттерін эксперименталды зерттеу иммундық жасушаларда жасушалық және тіндік гомеостаздың жеке көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге жалпы иммундық жүйенің функцияларының қалыпқа келтіретіндігін көрсетті. Кристагенді лингвал курспен қабылдау жалпы жағдайды жақсартады, ең алдымен, екіншілік иммунодефицитке тән астениялық синдромның айқындылығы төмендейді.Хирургиялық араласудан кейін іріңді-қабыну асқынулары бар науқастарда тіндік ферменттер белсенділігінің жоғарылауы нақты анықталды, бұл жаралардың эпителиймен жедел жабылуын растайды. Сәулелі және химиотерапияның зардаптары бар науқастарда Кристагенді лингвал қолданғандашеткері қанның иммунологиялық көрсеткіштері қалыптыға жылдам келген, жалпы денсаулықтың жақсаруы және инфекциялық асқынулардың төмендеуі байқалған.
Рыжак Г.А. РМҒА СББ Санкт-Петербургтің биорегуляциясы және гертонология институты директорының ғылыми жұмыс және жаңа технологиялар жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор.
Горгиладзе Д. А. Peptides ғылым жөніндегі директордың орынбасары
-
АС-6 пептидтік кешені (пролин, глутамин және аспарагин қышқылы).
Орташа тәуліктік доза (1 мл) құрамында 0,1 мг АС-6 пептидтік кешені бар.
-
-
әртүрлі этиологиялы жедел және созылмалы қабыну аурулары
-
ЖРВИ, тонзиллит, бронхит, отит, синусит, пневмония
-
цистит, пиелонефрит, простатит, аднексит
-
түрлі хирургиялық араласулардың ота алды және отадан кейінгі кезеңдері
-
жайылмалы инфекциялар
-
дәнекер тінінің жүйелі аурулары
-
түрлі этиологиялы аутоиммунды аурулар
-
экстремалды стрессті жүктемелерден кейінгі жағдай
-
иммунитеттің төмендеуі
-
егде және қарт адамдарда иммундық жүйенің қызметін сүйемелдеу
-
онкологиялық ауруларды алдын алу
-
созылмалы уыттанулар
-
инфаркттан және инсульттен кейінгі оңалту кезеңі
-
кешенді бағдарлама аясында ағзаны жасарту.
-
-
-
Кристаген лингвал компоненттеріне жеке сезімталдық
-
жүктілік, емшекпен емізу.
-
-
Тамақтанудан 10-15 минут бұрын күніне 4 рет 5 тамшыдан тіл астында. Тәулігіне 1 мл (20 тамшы) жалпы дозасы.
Қабылдау ұзақтығы:
-
аурудың және ерте қартаюдың алдын алу - әр жарты жыл сайын 1 ай
-
емдеу - 3 ай.
3-6 айдан кейін қайта қабылдау ұсынылады.
-
-
Жағымсыз әсерлер анықталған жоқ.
- Пікірлер
-
Сұрақ қою