Reviline PRO - қарқынды
- Сипаттама
- Құрама
- Көрсеткіштер
- Қарсы көрсеткіштер
- Қолдану режимі
- Жанама әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
-
Крем терінің тамырлар қабырғасының өткізгіштігін күшейтеді және реттейді, тері тургорын жақсартады.
Кремде қантамыр пептидтерінің табиғи физиологиялық белсенді кешені бар.
Қантамырларының пептидтері тамыр қабырғасындағы метаболикалық процестерді реттейді, қан тамырларының тонусын қалыпқа келтіреді, қандағы холестерин концентрациясының жоғарылауына және гиперкокуляцияның дамуына жол бермейді, қоршаған орта факторларының және эмоционалдық стресстің әсерінен органдар мен тіндердегі микроциркуляцияның бұзылуын қалпына келтіреді.
Крем компоненттері қарқынды және нәзік тері күтімін қамтамасыз етеді. Нәрлендіріп, ылғалдандырады, зат алмасу процестерін ынталандырады, антиоксидантты қасиеттерге ие, терінің бетін нығайтады. Табиғи өсімдік майлары мен сығындылары табиғи биологиялық белсенді заттардың, дәрумендердің, көпқанықпаған қышқылдардың құнды көздері болып табылады, бұл терілік тосқауылдың қалпына келуіне, қартаю процесін баяулатуға көмектеседі.
Әсері:
- тері жасушаларының күшейтілген қоректенуін қамтамасыз етеді, бұл оны балғын және серпімді етеді.
- табиғи тері тосқауылын қалпына келтіреді
- тері жасушаларының қызметін ынталандырады және белсендіреді, олардың жаңару үдерісін жылдамдатады, ол келбеттің жақсаруымен көрінеді, беттегі тамырлық желілерді азайтады
- терінің қартаю процесін баяулатады
-
Майлар: зәйтүн, кастор, бидай ұрықтарының, жүзім тұқымының, крахмал, қазтабан, мия тамырының, қырмызыгүл, анар тұқымының сығындылары, атбас талшын, түймедақ гүлдері, қантамыр пептидтерінің синтезделген кешені.
Қантамырларың пептидтері тамыр қабырғасындағы метаболикалық процестерді реттейді, қан тамырларының тонусын қалыпқа келтіреді, қандағы холестерин концентрациясының жоғарылауына және гиперкокуляцияның дамуына жол бермейді, қоршаған орта факторларының және эмоционалдық стресстің әсерінен органдар мен тіндердегі микроциркуляцияның бұзылуын қалпына келтіреді.
Зәйтүн майы өсімдік майы үшін керемет формулаға ие: моноқанықпаған, оңай ыдырайтын майлар өте көп және қаныққан, қатты майдың аз мөлшері. Оның құрамында көп мөлшерде қанықпаған олеин және линол қышқылдары, сондай-ақ A, D, Е дәрумендері бар дәрумендік кешені бар. Май - тамаша антиоксидант болып табылады, сондықтан ол сабынданбайтын фракциясының арқасында теріні жұмсартады және қабыршақтануын болдырмайды, Е және А дәрумендері тері балғындығын ұзартады, оның серпімділігі мен икемділігін жоғарылатады, ал моноқанықпаған май қышқылдары әжімдердің қалыптасуын баяулатады.
Кастор майының құрамында майлы рицинолеин қышқылының көп мөлшері бар, ол жұмсартқыш әсерге ие және қоректік және тыныштандырғыш ретінде беттің сезімтал және құрғақ терісінің күтімін жасау үшін пайдалануға ұсынылады. Кастор майы құрғақтық, қабыршақтану, серпімділікті жоғалту, ылғалдың жетіспеушілігі сияқты тері мәселелерін тамаша жояды. Сонымен қатар, кастор майы жасарту әсеріне ие, беттегі терең емес әжімдерді тегістейді, сондай-ақ көз айналасындағы әжімдерге («көздің қиығы» деп аталады) қарсы тиімді күресуге көмектеседі.
Бидай ұрығының майы теріні қалпына келтіретін, ылғалдандыратын, жұмсартатын, қабынуға қарсы, жараларды емдеуге, тазартқыш, целлюлитке қарсы әсерлерге ие, құрғақ және майлы тері жағдайын жақсартады. Терінің түсін жақсартады, теріні жасартады, қартайған шақта тіпті серпімді және балғын етеді. Әсіресе, құрғақ және кемелденген немесе солып қалған теріге арналған. Бидай ұрығының майы құрамында сабынданбайтын көптеген заттар бар, соның біреуі Е дәрумені табиғи антиоксидант, жасушаның қартаюын баяулатады, терідегі қабыну процестерін жояды. Ол жақсы ену қабілетіне ие және денеден , теріден зиянды заттардың шығарылуына көмектеседі.
Жүзім тұқымының майы құрамында қанықпаған қышқылдардың және табиғи антиоксиданттардың (А, Е дәрумендері) жоғары болуымен бағаланады. Жүзім тұқымының майы жеңіл, жақсы сіңеді және барлық тері түрлеріне жарайды. Оны безеуде және дерматитте тері күтімі үшін қолдануға болады, себебі ол қабынуға қарсы, қалпына келтіретін және сергітетін әсерлерге ие. Солып қалған терісі бар адамдар үшін құрамында антиоксиданттары бар жүзім тұқымының майы серпімділікті қалпына келтіріп, беттің түсін және әжімдерді тегістеу мақсатында ұсынылады.
Крахмалдың құрамында солып қалған теріні жасартуға көмектесетін көптеген қоректік заттар мен элементтер бар. Мұндай терапия ерте қартаюды болдырмау үшін тұрақты күтімді талап ететін жас теріге де пайдалы болады. Крахмал құрамындағы: С дәрумені, зақымдалған жасушаларды қалпына келтіріп, оларды қайта тіршілікке келтіріп, әрі қарай жойылудан қорғайды, еркін радикалдарды өлтіреді; Тотығу-қалпына келтіру реакцияларына қатысатын ниацин (витамин PP) ұйықтап қалған жасушаларды оятады, себебі олардың дамуы уақыт өте келе баяулай түседі; холин, дұрыс қызмет атқармайтын тері және май бездерімен күреседі; калий, терінің ылғалдылығын қалыпты деңгейін ұстап тұрады, жасушалардан ылғалдың жоғалуына жол бермейді, көмірсулар теріні нәрлендіреді және энергиямен ерекше байытады.
Қазтабанның бактерицидтік, тұтқырлағыш әсері бар, қабынуды азайтады. Илік заттар биологиялық қабық түзеді, ол теріні қоршаған ортадағы бактериялық және УК әсерінен қорғайды, бұлар өз кезегінде қабыну процестерін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, қантамырлар тарылады және капиллярдың өткізгіштігі азаяды.
Емен қабығының белсенді компоненттері таниндер (пентозандар, пектин және галла қышқылдары) болып табылады. Емен қабығында калий, магний, кальций, темір және мырыш бар. Таниндердің болуы емен қабығына тіндердің ақуызды байланыстыру үшін маңызды, беріктендіріп әрі оны бактериалды инфекция мен инвазия үшін жол бермейтіндей қасиеттерін қамтамасыз етеді, мұның барлығы сау тері үшін қажет. Емен қабығы күшті қармаушы зат, ол қан тамырларының қабырғаларын нығайтатын және тінді тартады, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.
Түймедақ гүлінің сығындысы тіндердің қалпына келуін және жазылуын тездетеді, аллергияға қарсы әсері бар, сондай-ақ теріні қарқынды және өнімді қоректендіріп, ағартады және пигментациялық белсенділікті азайтады. Осы өсімдіктің негізіндегі препараттар кез-келген терінің түрін өмірлік күшпен толтыру үшін қолдануға ұсынылады.
-
30 жастан бастап барлық тері түрлері үшін.
Тері жағдайын сақтау және қоршаған ортаның факторлары әсер еткеннен дамитын жедел қартаюды болдырмау үшін бет пен мойынның күнделікті күтіміне арналған пептидтік биорегуляторларды қамтитын, терінің әртүрлі құрылымдық элементтерінің функцияларын- терінің нейроэндокринді жүйесі, иммундық жүйе, дәнекер тіні, тамыр қабырғасын қалпына келтіретін кремді қолдану ұсынылады.
Мақсатты түрде «Қарқынды» кремін қолдану керек, оның құрамында қантамырдың пептидтері бар, түнгі крем ретінде қолдану ұсынылады. Кремді кешке таза әрі құрғақ бет, мойын, декольте аймағына тәулігіне 1 рет жағыңыз.
Кремдерді кезекпен және жұппен қолдануға болады- күніне 2 әртүрлі кремдерді:
- 1-ші ай: «Қалпына келтірушіні» - таңертең, «Жаңартқышты» - кешке
- 2-ші ай: «Нығайтқышты» - таңертең, «Қарқындыны» - кешке
-
Компоненттерін жеке көтере алмаушылық
-
Мұқият тазартылған бет, мойын, декольте аймағына кешкі уақытта жағыңыз
-
Жағымсыз әсерлер байқалған жоқ
- Пікірлер
-
Сұрақ қою