Reviline PRO - жаңартқыш
- Сипаттама
- Көрсеткіштер
- Құрамы
- Қолдану әдісі
- Қарсы көрсеткіштер
- Жағымсыз әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
- Қол жетімділік
-
Көкбауыр пептидтері – тіндердің регенерация процестерін, арнайы тіндік ақуыздардың синтезін, жасушалардың пролиферативті және метаболикалық белсенділігін ынталандырады, әртүрлі тіндер жасушаларының жаңаруын жеделдетеді, дәнекер тінінің жасушалары функцияларын белсендіреді, терінің коллаген құрылымын нығайтады және оның икемділігін арттырады; қабынуға қарсы әсері бар, жаралардың жазылуын жеделдетеді; антиоксиданттық, иммуностимулдеуші және стресске қарсы әсерлерге ие.
Кремді құрайтын өсімдік майлары мен сығындылары көпқанықпаған май қышқылдарына, дәрумендерге, нәрлендіретін, ылғалдандыратын, қалпына келтіретін әсері бар табиғи биологиялық белсенді заттарға өте бай. Сонымен қатар олар теріні сыртқы жағымсыз факторлардан қорғайды: ауаның ластануы, стресс, күн сәулесі, климаттың өзгеруі, терінің өмірлік қуатын арттырып жастығын белсендіреді.
Әсері:
- терінің қартаю процесін баяулатады.
- айқын қабынуға қарсы және тыныштандыратын әсері бар
- терінің тітіркенуін болдырмайды
- терінің тургорын және ылғалдылығын арттырады
- кіші әжімдердің жоғалуына ықпал етеді, орташа және терең әжімдердің тереңдігін азайтады
- терінің су және минералдық балансын қалпына келтіреді, қарқынды және ұзаққа созылатын ылғалдылықты қамтамасыз етеді
- жасуша пролиферациясын қолдайды, терінің қорғану механизмдерін жақсартады
-
30 жастан бастап барлық тері түрлері үшін.
Тері жағдайын сақтау және қоршаған ортаның факторлары әсер еткеннен дамитын жедел қартаюды алдын алу үшін бет пен мойынның күнделікті күтіміне арналған пептидтік биорегуляторларды қамтитын, терінің әртүрлі құрылымдық элементтерінің функцияларын - терінің нейроэндокринді жүйесі, иммундық жүйе, дәнекер тіні, тамыр қабырғасын қалпына келтіретін кремді қолдану ұсынылады.
Сонымен қатар, көкбауырдың пептиді бар «жаңартқыш» кремді түнгі крем ретінде пайдаланған жөн, себебі зиянды қоршаған орта факторларының, соның ішінде психо-эмоционалдық стрестің теріс әсерін болдырмайды. Кремді бет, мойын, декольте аймағына таза, құрғақ бет терісіне тәулігіне 1 рет кешкісін жағыңыз.
Кремдерді кезекпен және жұппен қолдануға болады- күніне 2 әртүрлі кремдерді:- 1-ші ай: «Қалпына келтірушіні» - таңертең, «Жаңартқышты» - кешке
- 2-ші ай: «Нығайтқышты» - таңертең, «Қарқындыны» - кешке.
-
Майлар: какао, зәйтүн, пальма, "Активитин" биофлаволипидті кешені, мия тамыры сығындысы, қазтабан, A және E дәрумендері, анар тұқымының сығындысы, көкбауыр пептидтерінің синтезделген кешені.
Көкбауыр пептидтері – тіндердің регенерация процестерін, арнайы тіндік ақуыздардың синтезін, жасушалардың пролиферативті және метаболикалық белсенділігін ынталандырады, әртүрлі тіндер жасушаларының жаңаруын жеделдетеді, дәнекер тінінің жасушалары функцияларын белсендіреді, терінің коллаген құрылымын нығайтады және оның икемділігін арттырады; қабынуға қарсы әсері бар, жаралардың жазылуын жеделдетеді; антиоксиданттық, иммуностимулдеуші және стресске қарсы әсерлерге ие.
Какао майы - терінің керемет, нәзік күтімін қамтамасыз етіп қана қоймай, көптеген мәселелерді шешеді. Бұл ең тұрақты және қоюланған өсімдік майларының бірі. Құрамында аминқышқылдардың болуы тотығуға қарсы маңызды химиялық тұрақтылық береді. Ғасырлар бойы какао майы терінің икемділігі мен серпімділігін сақтауға көмектескен, ол барлық өнімдерге қалпына келтіру және гидролипидтік тепе-теңдікті қолдау үшін айқын қасиеттер береді. Оның қалпына келтіруші сауықтыру және сергітетін қасиеттері бар.
Зәйтүн майы өсімдік майы үшін керемет формулаға ие: моноқанықпаған, оңай ыдырайтын майлар өте көп және қаныққан, қатты майдың аз мөлшері. Оның құрамында көп мөлшерде қанықпаған олеин және линол қышқылдары, сондай-ақ A, D, Е дәрумендері бар дәрумендік кешені бар. Май - тамаша антиоксидант болып табылады, сондықтан ол сабынданбайтын фракциясының арқасында теріні жұмсартады және қабыршақтануын болдырмайды, Е және А дәрумендері тері балғындығын ұзартады, оның серпімділігі мен икемділігін жоғарылатады, ал моноқанықпаған май қышқылдары әжімдердің қалыптасуын баяулатады.
«Активитин» биофлаволипидтік кешені түпнұсқа технологиямен алынған Ресейдің солтүстік және орталық бөліктерінің (сәлбен, түймедақ, қырмызыгүл және шайқурай) дәрілік өсімдіктерінің екіфазалық сығындысы болып табылады. Екі фазалы сығындылау технологиясы экстракцияның белгілі басқа да әдістерден айырмашылығы биологиялық белсенді заттардың толық табиғи кешенін алуды қамтамасыз етеді. Терідегі регенерация үдерістерін тездетеді, қабыну реакцияларының айқындылығын төмендетеді, ультра күлгін сәулесінің зиянды әсерінен қорғайды, теріге және қан тамырларына сергітетін әсер береді, бұл қан тамырлары өткізгіштігінің төмендеуімен және қабырғаларының беріктігінің артуымен көрінеді, қанның микроциркуляциясын жақсартады, терідегі тор тәрізді тамырлардың пайда болуына жол бермейді.
Пальма майы бос радикалдарды бейтараптандыруға қабілетті күшті антиоксидант болып табылатын А провитаминінің (каротиноид), Е дәрумені (токоферолдар мен токотриенолдар) және Q10коферментінің (убихинон) ең бай көздерінің бірі. Сондай-ақ, К дәрумені мен магний бар. Пальма майы қалыпты, проблемалы (солып қалған, әжімді, салбыраған), құрғақ немесе сусызданған, жарылған теріге күтім жасау үшін ұсынылады.
Май тері бетіндегі түлеген қатапршалардың жақсы бірігіуін қамтамасыз етеді, осылайша эпидермис жасушаларының сұйықтық жоғалтуын төмендетеді. Сонымен қатар тері тегіс, жұмсақ және серпімді болады. Пальма майы дерматологияда каротиноидтер мен токоферолдардың болуына байланысты қолданылады, әрі оған қабынуға қарсы және жараны емдеу әсер береді.
Қазтабанның бактерицидтік, тұтқырлағыш әсері бар, қабынуды азайтады. Илік заттар биологиялық қабық түзеді, ол теріні қоршаған ортадағы бактериялық және УК әсерінен қорғайды, бұлар өз кезегінде қабыну процестерін тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, қантамырлар тарылады және капиллярдың өткізгіштігі азаяды.
Емен қабығының белсенді компоненттері таниндер (пентозандар, пектин және галла қышқылдары) болып табылады. Емен қабығында калий, магний, кальций, темір және мырыш бар. Таниндердің болуы емен қабығына тіндердің ақуызды байланыстыру үшін маңызды, беріктендіріп әрі оны бактериалды инфекция мен инвазия үшін жол бермейтіндей қасиеттерін қамтамасыз етеді, мұның барлығы сау тері үшін қажет. Емен қабығы күшті қармаушы зат, ол қан тамырларының қабырғаларын нығайтатын және тінді тартады, сондай-ақ антисептикалық және қабынуға қарсы қасиеттерге ие.
Анар тұқымының сығындысы анар қышқылының жоғары құрамымен ерекшеленеді, оның күшті қабынуға қарсы әсері бар. Зерттеулер көрсеткендей, анар тұқымының сығындысы тек тыныштандырушы және жұмсартқыш әсерлерімен ғана емес, сонымен қатар кератиноциттердің өсуін ынталандырады. Бұдан басқа, бұл теріні қалпына келтіру үшін мінсіз белсенді компонент. Осы қалпына келтіру қасиеттерінің, сондай-ақ құрамында фитостериндердің болуына (антиоксиданттық әсерлері бар және ағзаны бос радикалдардан қорғайтын заттар) байланысты бұл сығынды жасқа байланысты өзгерістерге қарсы күрестегі сенімді одақтас болып табылады.
Мия сығындысы антиоксидантты, қабынуға қарсы, антибактериалды, антисептикалық, қармаушы және жалпы нығайтқыш әсерлерге ие. Оның қабынуға қарсы және антимикробтық қасиеттері безеуді емдеуде қолданылады. Ағартқыш әсері бар. Оның көмегімен терінің тітіркенуі мен ісінуі басылады. Құрамында табиғи фитоэстроген бар, ол коллаген өндірілуін ынталандырады, әжімдердің тереңдеуіне және жаңалардың пайда болуына жол бермейді.
А және Е дәрумендері қуатты антиоксиданттар болып табылады - жасушалардың құтқарушылары. Антиоксиданттар бос радикалдарды бейтараптандырады, олар әжімдердің пайда болуының басты себебінің бірі, қартаю процесін баяулатады, ультракүлгіннің зиянды әсерінен қорғайды, көптеген аурулардың пайда болуын төмендетеді, соның ішінде онкологиялық және жүрек-қан тамырлары аурулары бар.
-
Мұқият тазартылған бет, мойын, декольте аймағына кешкі уақытта жағыңыз
-
Компоненттерін жеке көтере алмаушылық
-
Жағымсыз әсерлер байқалған жоқ
-
Сіз өнімді немесе дүкен жұмысымен қызықтыратын кез келген мәселені сұрай аласыз.
Біздің білікті мамандар сізге көмектеседі. -
Нет в наличии