Reviline PRO - қалпына келтіруші
- Сипаттама
- Көрсеткіштер
- Құрамы
- Қолдану әдісі
- Қарсы көрсеткіштер
- Жағымсыз әсерлері
- Пікірлер
- Сұрақ қою
- Қол жетімділік
-
30 жастан бастап барлық тері түрлеріне.
Кремде эпифиз пептидтерінің табиғи физиологиялық белсенді кешені бар.
Эпифиздің пептидтері – зат алмасу процестерін реттейді және тері жасушаларында ақуыз синтезін жақсартады, жоғары антиоксиданттық белсенділігі бар, тері жасушаларында майлардың асқын тотығу процестерін қалыпқа келтіреді, бұл терінің сыртқы жағымсыз әсерлерін (ауаның ластануы, жоғары күн сәулесі, қарқынды жаттығу, жарақаттар) және ішкі (эмоционалдық стресс) жағымсыз факторларды болдырмауға көмектеседі, соның нәтижесінде тіндердегі метаболикалық процестер белсендіріледі және оларды қалпына келтіру үрдісі жеделдетіледі.
Кремді құрайтын өсімдік майлары мен сығындылары көпқанықпаған май қышқылдарына, дәрумендерге, нәрлендіретін, ылғалдандыратын, қалпына келтіретін әсері бар табиғи биологиялық белсенді заттарға өте бай. Сонымен қатар олар теріні сыртқы жағымсыз факторлардан қорғайды: ауаның ластануы, стресс, күн сәулесі, климаттың өзгеруі, терінің өмірлік қуатын арттырып жастығын белсендіреді.
Әсері:
- терінің қартаю процесін баяулатады
- тері жасушаларында зат алмасу процестерін ынталандырады
- терінің табиғи жаңаруын қалпына келтіреді
- сыртқы жағымсыз факторлардың теріге көрсететін теріс әсерін төмендетеді: ластанған ауа, стресс, шамадын тыс күн сәулесі, климаттың өзгеруі
- теріге табиғи ылғалдылықты және рН деңгейін сақтау қабілетін қайтарады
- өмірлік қуатты арттырып, теріге жастығын қайтарады
-
Тері жағдайын сақтау және қоршаған ортаның факторлары әсер еткеннен дамитын жедел қартаюды алдын алу үшін бет пен мойынның күнделікті күтіміне арналған пептидтік биорегуляторларды қамтитын, терінің әртүрлі құрылымдық элементтерінің функцияларын - терінің нейроэндокринді жүйесі, иммундық жүйе, дәнекер тіні, тамыр қабырғасын қалпына келтіретін кремді қолдану ұсынылады.
Сонымен қатар, эпифиздің пептиді бар «қалпына келтіруші» кремді күндізгі крем ретінде пайдаланған жөн, себебі зиянды қоршаған орта факторларының, соның ішінде психо-эмоционалдық стрестің теріс әсерін болдырмайды. Кремді бет, мойын, декольте аймағына таза, құрғақ бет терісіне тәулігіне 1 рет таңертең жағыңыз.
Кремдерді кезекпен және жұппен қолдануға болады- күніне 2 әртүрлі кремдерді:
- 1-ші ай: «Қалпына келтірушіні» - таңертең, «Жаңартқышты» - кешке
- 2-ші ай: «Нығайтқышты» - таңертең, «Қарқындыны» - кешке
-
Майлар: зәйтүн, пальма, жожоба, костор, мия сығындысы, зімбір тамыры, атбас талшын сығындысы, түймедақ гүлдері, А және Е дәрумендері, С дәрумені бар липосомалар, эпифиздің синтезделген пептидтер кешені.
Эпифиздің пептидтері зат алмасу процестерін реттейді және тері жасушаларында ақуыз синтезін жақсартады, жоғары антиоксиданттық белсенділігі бар, тері жасушаларында майлардың асқын тотығу процестерін қалыпқа келтіреді, бұл терінің сыртқы жағымсыз әсерлерін (ауаның ластануы, жоғары күн сәулесі, қарқынды жаттығу, жарақаттар) және ішкі (эмоционалдық стресс) жағымсыз факторларды болдырмауға көмектеседі, соның нәтижесінде тіндердегі метаболикалық процестер белсендіріледі және оларды қалпына келтіру үрдісі жеделдетіледі.
Зәйтүн майы өсімдік майы үшін керемет формулаға ие: моноқанықпаған, оңай ыдырайтын майлар өте көп және қаныққан, қатты майдың аз мөлшері. Оның құрамында көп мөлшерде қанықпаған олеин және линол қышқылдары, сондай-ақ A, D, Е дәрумендері бар дәрумендік кешені бар. Май - тамаша антиоксидант болып табылады, сондықтан ол сабынданбайтын фракциясының арқасында теріні жұмсартады және қабыршақтануын болдырмайды, Е және А дәрумендері тері балғындығын ұзартады, оның серпімділігі мен икемділігін жоғарылатады, ал моноқанықпаған май қышқылдары әжімдердің қалыптасуын баяулатады.
Пальма майы бос радикалдарды бейтараптандыруға қабілетті күшті антиоксидант болып табылатын А провитаминінің (каротиноид), Е дәрумені (токоферолдар мен токотриенолдар) және Q10коферментінің (убихинон) ең бай көздерінің бірі. Сондай-ақ, К дәрумені мен магний бар. Пальма майы қалыпты, проблемалы (солып қалған, әжімді, салбыраған), құрғақ немесе сусызданған, жарылған теріге күтім жасау үшін ұсынылады.
Май тері бетіндегі түлеген қатапршалардың жақсы бірігіуін қамтамасыз етеді, осылайша эпидермис жасушаларының сұйықтық жоғалтуын төмендетеді. Сонымен қатар тері тегіс, жұмсақ және серпімді болады. Пальма майы дерматологияда каротиноидтер мен токоферолдардың болуына байланысты қолданылады, әрі оған қабынуға қарсы және жараны емдеу әсер береді.
Жожоба майы антиоксидантты және қалпына келтіруші қасиеттерін анықтайтын E дәруменінің жоғары құрамының болуымен ерекшеленеді. Жожоба майы қабынуға қарсы қасиеттерімен танымал, терінің қызаруы мен ісінуін болдырмайды. Қалыпты ету қасиетіне ие, май құрғақ және майлы теріге де пайдалы. Безеу, экзема, псориаз, нейродерматит және т.б. үшін пайдаланылуы мүмкін. Косметологияда ол ғажайыптар жасайды. Ол нәрлейді, әрі ылғалдандырады және тері саңылауларына терең еріп, бет, мойын және декольте терісіне жақсы күтім жасайды.
Кастор майының құрамында майлы рицинолеин қышқылының көп мөлшері бар, ол жұмсартқыш әсерге ие және қоректік және тыныштандырғыш ретінде беттің сезімтал және құрғақ терісінің күтімін жасау үшін пайдалануға ұсынылады. Кастор майы құрғақтық, қабыршақтану, серпімділікті жоғалту, ылғалдың жетіспеушілігі сияқты тері мәселелерін тамаша жояды. Сонымен қатар, кастор майы жасарту әсеріне ие, беттегі терең емес әжімдерді тегістейді, сондай-ақ көз айналасындағы әжімдерге («көздің қиығы» деп аталады) қарсы тиімді күресуге көмектеседі.
Мия сығындысы антиоксидантты, қабынуға қарсы, антибактериалды, антисептикалық, қармаушы және жалпы нығайтқыш әсерлеріне ие. Оның қабынуға қарсы және антимикробтық қасиеттері безеуді емдеуде қолданылады. Ағартқыш әсері бар. Оның көмегімен терінің тітіркенуі мен ісінуі басылады. Құрамында табиғи фитоэстроген бар, ол коллаген өндірілуін ынталандырады, әжімдердің тереңдеуіне және жаңалардың пайда болуына жол бермейді.
А және Е дәрумендері қуатты антиоксиданттар болып табылады - жасушалардың құтқарушылары. Антиоксиданттар бос радикалдарды бейтараптандырады, олар әжімдердің пайда болуының басты себебінің бірі, қартаю процесін баяулатады, ультракүлгіннің зиянды әсерінен қорғайды, көптеген аурулардың пайда болуын төмендетеді, соның ішінде онкологиялық және жүрек-қан тамырлары аурулары бар.
С дәруменімен липосомалар - бірнеше концентрлік биқабаттардан тұратын липосоманың ерекше түрі. Концентрлік биқабаттары бар полиламеллярлық липосомалар – липосомалардың жаңа буыны, С дәрумені биожеткіліктігінің артуына және оның тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді, эпидермистің папиллярлық және базальдық қабаттарына жеткізілуін қамтамасыз етеді. С дәрумені - антиоксидант, коллаген синтезін арттырады, қан тамырларын, капиллярларды нығайтады, пигментті дақтармен күресуге көмектеседі.
Анар тұқымының сығындысы анар қышқылының жоғары құрамымен ерекшеленеді, оның күшті қабынуға қарсы әсері бар. Зерттеулер көрсеткендей, анар тұқымының сығындысы тек тыныштандырушы және жұмсартқыш әсерлерімен ғана емес, сонымен қатар кератиноциттердің өсуін ынталандырады. Бұдан басқа, бұл теріні қалпына келтіру үшін мінсіз белсенді компонент. Осы қалпына келтіру қасиеттерінің, сондай-ақ құрамында фитостериндердің болуына (антиоксиданттық әсерлері бар және ағзаны бос радикалдардан қорғайтын заттар) байланысты бұл сығынды жасқа байланысты өзгерістерге қарсы күрестегі сенімді одақтас болып табылады.
Түймедақ гүлінің сығындысы тіндердің қалпына келуін және жазылуын тездетеді, аллергияға қарсы әсері бар, сондай-ақ теріні қарқынды және өнімді қоректендіреді, ағартады және пигментациялық белсенділікті жояды. Осы өсімдік негізіндегі препараттар кез-келген тері түрінің өмірлік қуатын толтыру үшін қолдануға ұсынылады.
Атбас талшынның құрамына сапониндер кіреді, оларда әсер етудің кең спектрі бар: қан тамырларының тонусын арттыру, капиллярларды және тамыр қабырғаларын күшейту, ісінуді болдырмау, лимфа ағынын төмендетеді. Талшын илік заттарға бай, олар ақуызды жасушаларды денатурациялайды және қорғаныш пленканы қалыптастырады. Құрамында А, С, К дәрумендері, сондай-ақ В тобы дәрумендері, тиаминдер, кумариндер, гликозидтер, пектиндер, каротин, флавоноидтар, шырыштар, органикалық қышқылдар, лецитин, глобулин, майлы майлар бар. Флавноиидтердің ең құндысы – кварцетин, тіндегі зат алмасуды ынталандырады, сергітеді, ісікті азайтады, жараны емдейтін зат ретінде әсер көрсетеді, күшті антиоксидантқа жатады.
Зімбір тамыры зат алмасу процессінде маңызды рөл атқаратын алмастыруға келмейтін элементтері бар: аминқышқылдар, C, B1, A, B2 дәрумендері, мырыш, натрий, темір, калий, магний, натрий және кальций тұздары. Оны қабынуға қарсы және ылғалдандыратын әсер ететін компонент ретінде қолданады, ол теріні тазартуға, токсиндерді шығаруға көмектеседі, тері түсін жақсартады, терінің майлылығын реттейді, безеуге қарсы тиімді, коллаген синтезін белсендіреді, осылайша тері серпімділігі мен икемділігін арттырады, қан айналымын жақсартады, қалпына келтіретін және сергітетін қасиеттері бар. Ғалымдар микрожиырылуларды алдын алу үшін зімбірдің қабілетін дәлелдеді, бұл кішкентай мимикалық әжімдердің пайда болуының басты себебі. Зімбірмен қолданылатын косметиканың нәтижесі – бет пен декольт аймағындағы жарқын, сау, жас тері.
-
Таңертең бет, мойын мен декольте аймағының мұқият тазартылған терісіне жағыңыз
-
Компоненттерін жеке көтере алмаушылық
-
Жағымсыз әсерлер анықталған жоқ
-
Сіз өнімді немесе дүкен жұмысымен қызықтыратын кез келген мәселені сұрай аласыз.
Біздің білікті мамандар сізге көмектеседі. -
Нет в наличии