2017 жылы 26 қаңтарда Кремльдің Катерина залында салтанатты рәсімде Ресей Федерациясының Президенті В.В. Путин Халықаралық достық және Геронтология қауымдастығының вице-президенті, Петерборлық биорегуляция және Геронтология институтының директоры В.Х. Хавинсонды халықтар достығы орденімен марапаттады. денсаулық сақтау.
Сізге пептидтер туралы білу қажет
Пептидтер — мүше үшін «дұрыс» ақпарат болып табылатын қысқа ақуыздар. Пептидті биорегуляторлар дертті жасушаның ішіне ене отырып, қателіктерін түзетеді, себебі жасуша қызметін дұрыс атқара алмай жатады, яғни ауру болып табылады. Пептидті биорегуляторлардың арқасында жасуша бөліне бастайды және қызметін дұрыс атқара алатын жаңа жасушалар ағзадағы ақау, ескі жасушалардың орнын біртіндеп толтырады. Ағзаның жасуша деңгейінде регенерациясы (қайта қалпына келуі), сәйкесінше емделеуі жүреді.
Пептидтер жасуша қызметін реттейтін заттарға жатады. Пептидті биорегуляторлар ағзаға түскеннен кейін өздері бөлініп шығатын мүшелерге қарай бағытталады. Жасуша ақпаратты «дұрыс оқиды» және тұтас биохимиялық процестер каскадын іске қосады, сәйкесінше мүшенің әрбір жасушасы табиғатта қарастырылғандай функциясын атқара бастайды, ағза өзін-өзі емдейді. Жасуша деңгейінде дертті мүшенің қалпына келу процесі жүреді. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін ұзақ процесс, алайда пептидтер ағзаның қандай да бір аурудан немесе ауыр жарақаттан кейін қайта қалпына келуін айтарлықтай жылдамдатады.
Пептидті биорегуляторлардың мүшені қалпына келтіретіндігін ескерсек, яғни, оның жасуша деңгейінде жасаруы жүреді және нәтижесінде жалпы өмір сүру ұзақтығы артады. Осы тақырыпта көптеген зерттеулер жүргізілген және олар пептидтердің жасарту туралы рөлін сөзсіз растайды. Пептидті биорегуляторларды қолданғанда алған нәтижелерді басқа ешбір зерттеулерде алу мүмкін болмады. Пептидті биорегуляторлар ең күшті геропротекторлы эффект көрсетті, пептидтер – жасару саласында және өмірді ұзартудағы көшбасшы.
Егер ғылыми тұрғыдан қарастырсақ, біздің тіршілік етуіміз екі негізгі молекуланың әсерлесуі арқасында, яғни, бұл пептидтер және ДНҚ. Пептидтер — гендердің экспрессиясын реттеуші ақпарат, ал ДНҚ — матрица, бірақ ол белсенді емес. Пептид ДНҚ-ның комплементтеуші аймағымен байланысса, селективті гендердің транскрипциясы белсендіріледі, сәйкесінше дифференциалану, пролиферация және апоптоз процестері ынталандырылады, жасушаның арнайы ақуыздарының синтезі жүреді, ағзадағы жасушаларда ақуыз метоболизмі қалпына келеді. ДНҚ-ның пептидтермен белсендірілуі барлық тіршілік иелеріне, өсімдіктерден бастап адамға дейін тән. Хавинсон айтқандай, біз ештеңе ойлап шығармадық, біз табиғатты қайталадық! Пептидті биорегуляторлар гендердің экспрессиясын реттеумен қатар, өзіндік полипатентті жасушалардың дифференциалануын ынталандырады, нәтижесінде науқастар инсульттен, инфаркттен кейін тез қалпына келеді.
-
пептидтер гендердің экспрессиясын (белсенділігін) реттейді. Есейген сайын гендердің белсенділігі төмендейді, бұл кәрілікке әкеледі, ал гендердің белсенділігін пептидтермен арттыру жасаруға әкеледі. Сондықтан пептидтер жасартатын молекулалар деп аталады.
-
ДНҚ молекуласының бұралуын және одан ақпаратты оқуды бастай отырып, тиісті гендердің қатаң анықталған промоутер (старттық) учаскелерімен байланысады. Яғни пептидтер ақуыз синтезі тізбегіндегі алғашқы сигнал молекуласы болып табылады
-
ДНҚ, мутация, қатерлі трансвормация зақымдануының жинақталу жылдамдығын төмендетеді (қатерлі клеткаға деформацияға жол бермейді)
-
жасушалық гомеостазды қалпына келтіруге бағытталған репаративті процестердің белсенділігін арттырады
-
атипиясыз жасушаның бөлінуін қамтамасыз етеді
-
тіндердің бұзылған функцияларын қалпына келтіреді
-
аз молекулалық массаның арқасында, терінің мүйіз қабаты арқылы еніп, косметикалық заттардың әсер етуші құрамын алып кете алады
-
Сіздің биологиялық ырғақтарыңыз бен жеке ерекшеліктеріңізге толық сәйкес келетіндей терідігі белсенді заттардың жеткілікті мөлшерде шығуын ынталандырады.
Пептидті биорегуляторларды барлығына, 35-40 жастан бастап, әртүрлі ауруларды (пептидтерді қабылдау адамдарда туындайтын көптеген сырқаттармен күресуден арылтады), ерте қартаюды (ол үлкен қалаларда немесе көппәтерлі үйде тұратындарда туындайды) алдын алу үшін немесе емдік мақсатта қабылдау керек.
Егер емдік мақсатта пайдаланатын болсақ, кез келген жаста қабылдауға болады. Балаларға арналған біздің өнімнің ауқымында Пептидті кешендер (ПК) және Revilab SL топтамасы бар.
Көптеген жағдайда дәрілік заттар бізге тек симптоматикалық көмек көрсетеді. Яғни, препараттар дерттің туындау себебін жоймайды, тек оның салдарына ғана әсер етеді, мысалы, гормон алмастырушы терапия ағзаның өздігінен гормондар синтезін қалпына келтіру мәселесін шешпейді. Ол гормонды ағзадан тыс орнын толтыруға бағытталады. Бұл жағдайда өзіндік гормонның синтезін қалпына келтіру жүзеге аспайды, керісінше, уақыт өте адамның мүшесі өндіруін азайта береді. Ағзаға қызмет атқарудың қажеттілігі қанша, егер сырттан түсіп жатса?
Пептидтер болса, ағзада сол ағзаның өзіне керек кезде белгілі бір мөлшерде және белгілі уақытта синтездеуі қажет заттардың синтезделуіне жағдай жасайды. Пептидтер сау, жаңа жасушалардың көбеюін ынталандырады. Пептидті препараттарды қабылдау ағзаның ішкі күшінің белсенуіне септігін тигізеді және ағза өз-өзін емдей бастайды. Жоғарыда келтірілгендерге қарап, біз айта аламыз, пептидтер тек салдарына емес, туындатқан себептерге әсер етеді. Пептидті биорегуляторлар аурудың пайда болу себебін жояды.
Цитомакстер — барлығын бірге 2 капсуладан таңертең тамаққа дейін 15–20 минут қалғанда немесе 1 капсуладан таңертең және кешке тамаққа дейін 15–20 минут қалғанда қабылдайды, Эндолутенді қоспағанда. Эндолутен үш күнде бір рет 3 капсуладан таңертең тамаққа дейін 15–20 минут қалғанда беріледі. Зерттеулер көрсеткендей, эпифиздің табиғи пептидін (Эндолутен) үш күнде бір рет таңертең тамаққа дейін 15–20 минут қалғанда қабылдау, оны анағұрлым тиімдірек етеді. Эпифиздің синтезделген пептидін (эпиталон) күнделікті қабылдау қажет.
Цитогендерді — 1 капсуладан таңертең және кешке тамаққа дейін 15-20 минут қалғанда қабылдау керек.
Пептидті кешендерді (ПК) — тамақтануға тәуелсіз қабылдайды, білекке 1 тамшыдан адамның 10 кг дене салмағына. Күніне 1 немесе, 2 немесе, 3 ретке дейін қолдануға болады.
Revilab ML — күніне 1 капсуладан таңертең тамаққа дейін 15–20 минут қалғанда қабылдау керек.
Revilab SL — тамақтануға тәуелсіз 4–6 тамшыдан сублингвальді (тіл астына), күніне 1 немесе 2 рет.
Ғасырлар бойы алхимиктер жасарту эликсирін ойлап шығаруға тырысты, алайда ешкімнің қолынан ештеңе келмеді. Қазіргі заманғы ғалымдар да әртүрлі тәсілдермен өмір сүру ұзақтығын арттыруға ат салысуда, бірақ бұл да нәтижесіз.
Қазіргі заман тарихында өмір сүру ұзақтығын антиоксиданттармен, микроэлементтермен, басқа да заттармен арттыру мақсатында зерттеулер жүргізілді. Бұл зерттеулердің ешқайсысы өмір сүру ұзақтығының артқандығын дәлелдеп көрсете алмады. Тәжірибелерде өмір сүру ұзақтығының артқандығын көрсете алған жалғыз зат – бұл пептидті биорегуляторлар. Пептидтерді қабылдау өмір сүру ұзақтығын максимимальді 42%-ға дейін арттыра алады. Бұл тек Санкт-Петербургтегі биорегуляция және геронтология институтында ғана дәлелденбеді, зерттеулер Ресейдің басқа да орталықтарында және шет мемлекеттерде де жүргізілді.
Қартаю дегеніміз не? Қартаю — ақуыз синтезінің төмендеуі. Бізді құрап тұрғанның барлығы ақуыздар. Ағза жасына байланысты ақуыз синтездеу мүмкіндігін жоғалтады. Пептидті биорегуляторларды пайдалану ақуыз синтезін бастапқыдан 3 есеге дейін арттырады! Қазіргі заманда пептидтерден басқа ақуыз синтезін арттыратын зат жоқ. Егер ақуыз синтезі артса, соған сәйкес адамның биологиялық жасы да шегеріледі. Яғни, пептидтер шынымен қартаюды ұзақ жылдарға артқа шегіндіреді.
Пептидтер — қартаюмен күресудегі ең күшті қару болып табылады. Оның көмегімен орта жастағы адамдар да ағза жұмысының тиімділігін арттыра алады және оны күштірек етеді. Пептидтерді қабылдау қартаюды ұзақ жылдарға тоқтатады!
Пептидті биорегуляторлар көп және әрқашан сұрақ туындайды, қандай препарат таңдау, қай пептид айтарлықтай тиімдірек, қандай пептидті биорегулятор ең күшті?
Ең күштісі деп, асыра сілтемей айтсақ, бұл Эндолутен — эпифиздің табиғи пептиді және Эпиталон — эпифиздің синтезделген пептиді. Эпифиздің организмде өздігінен болып жатқан көптеген процестерді реттеуіне байланысты, эпифизден ұйықтағанда және қараңғыда бөлінетін мелатонин гормоны сияқты бұл пептид барлық ағзаға әсер ете алады. Эндолутен өмір сүру ұзықтығын 42%-ға дейін арттырады! Препарат жайлы толығырақ ақпаратты оқи аласыз мұнда.
Екінші орын тимустың пептидтері (иммундық жүйе) — табиғи пептид Владоникске немесе иммундық жүйенің синтезделген пептиді Кристагенге және көкбауырдың пептидті биорегуляторы Вилонға тиесілі. Иммунитет организмді дерттерден қорғауда маңызды рөл атқарады, алайда біз қорғаныш жүйесіне салғырт қараймыз, себебі ол туралы көп айтылады және осы ақпарат құлаққа үйреншікті сияқты, соған қарамастан бұл екі препарат аса маңыздылары. Эндолутенді (Эпиталонді), Владониксті (Кристагенді) және Вилонды бірге қабылдаса, әсерлері күшейе түседі. Владоникс өмір сүру ұзықтығын 28%-ға дейін арттырады!
Вилон — бұл көкбауырдың пептиді. Мен осы пептидті биорегуляторды өте жақсы көремін, себебі бұл препаратта тіндер регенерациясын, жараның жылдам жазылуын, дәнекер тіні жасушаларының функциясын арттыруда, зақым келген ошақта эндотелиоциттерді, макрофагтарды және лейкоциттерді белсендірудегі тиімділігі жайлы ғылыми зерттеулер көп, оған антиоксиданттық, иммуностимулдеуші және стресске қарсы қасиеттер тән. Препаратты әртүрлі ісіктік процестерде миомадан бастап онкологияға дейін қолданады.
Келесі мидың және орталық жүйке жүйесінің табиғи пептиді — Церлутен немесе ОЖЖ синтезделген пептиді Пинеалон жүреді. Организмдегі барлық процестерге орталық жүйке жүйесі жауап береді. Есте сақтау, өмірді қабылдау, тағы да басқа процесстер ОЖЖ бақыланады. Өте жиі айтылатындай, адам — тірі, егер оның миы – тірі болса, өмірге деген қызығушылығы, құштарлығы болса. Осының барлығына Церлутен (Пинеалон) көмектесе алады. Тек ересектерге ғана емес, мектеп оқушыларына және студенттерге де маңызды емтихан алдында және сессия барысында көрсетілген. Бұл препарат есте сақтауды жоғары деңгейге дейін көтеруге көмектесе алады.
Келесі пептидті биорегуляторлар бұл — қантамырлардың табиғи пептиді Вентфорт немесе қантамырлардың синтезделген пептиді Везуген.Бұл аса маңызды пептид, себебі қантамырдың жағдайына организмдегі әрбір жасушаның қызметі байланысты! Егер қантамыр нашар өтімді немесе мүлдем өтімсіз болса, жасушаның қалыпты тіршілігін айтуға да келмейді. Қантамырлар жасушаларға оттегі мен қоректік заттарды жеткізіп, тіршілік ету барысындағы өнімдерді және көмір қышқыл газын алып кетеді. Жасқа байланысты барлығында капиллярлы тор азая түседі, ал пептид болса, қантамыры қабырғасының серпімділігін қалпына келтіреді және қантамыр эндотелийін біртегіс етіп қана қоймай, сонымен қатар қантамыры өтімділігін арттырады және организмдегі капиллярлы тордың өсуіне ықпалын тигізеді.
Әрбір препарат әртүрлі функция атқарады. Бір препаратты екіншісімен алмастыру мүмкін емес, бірақ барлығы да, әрқайсысы ағзаға өзінше тұтастай әсерін тигізеді. Бұл бәрінің ішіндегі негізгі препараттар. Бірақ....бізде қайталама мүше жоқ және адам онсыз өмір сүре алатын да мүше жоқ. Сондықтан мезгіл-мезгіл ешқайсысын алып тастамай барлығында қабылдап тұру керек.
Тағы айта кететін жайт, тұқымқуалаушылық. Сондықтан сіздің тектеріңізге қандай аурулар тән екендігіне қарай отырып, осы мүшелерге және препаратқа аса назар аудару қажет.
Егер сіз алғаш рет Хавинсонның пептидті биорегуляторларын қабылдауды бастасаңыз, онда пептидті регуляцияға дұрыс кірген жөн. Ол үшін, бірінші айда келесі препараттардың кешенін ішкен жөн: Эндолутен (3 капсуланы таңертең тамаққа дейін 15-20 минут қалғанда 3 күнде 1 рет), Владоникс (2 капсуланы таңертең тамаққа дейін 15–20 минут қалғанда), Бономарлот (2 капсуланы таңертең тамаққа дейін 15–20 минут қалғанда), Светинорм (2 капсуланы таңертең тамаққа дейін 15-20 минут қалғанда), 3R Кешені (1 таблеткадан күніне 2 рет), Мезотель Нео (12.00 дейін 1 шай қасық) және RevilabAnti-A.G.E. (1 капсула түске дейін). Бұл кешен организмнің барлық негізгі жүйелерін (нейроэндокринді, иммунды, қан түзу, антиоксидантты) белсендіріп, кейін пептидті биорегуляторларды қабылдағанда, олардың одан әрі күшті эффект беруіне ықпал етеді.
Пептидті биорегуляторларды мына кешенді қабылдамай ішуге бола ма? Иә, болады. Пептидті биорегуляторлар кез келген жағдайда өздігінен қызмет атқара береді, алайда кіру бағдарламасынан кейін пептидті биорегуляторларды қабылдау анағұрлым тиімдірек.
Хавинсонның пептидті биорегуляторларынан жанама әсерлер болмайды. Назарларыңызға сала кетейік, біз тек өзіміздің өнімге жауап береміз. Біз кез келген пептид деп аталатын басқа да препараттарға жауапкершілік алмаймыз. Біз тек Хавинсонның пептидті биорегуляторларын ғана ескереміз, олар Санкт-Петербургтің биорегуляция және геронтология институтында әзірленген.
Санкт-Петербургтің биорегуляция және геронтология институтында препаратты енгізгеннен кейін жануарлардың 100% өлімге ұшырайтын дозасын іздеу мақсатында зерттеулер жүргізілді. Бұл кез келген дәрілік затты жасау барысында жүргізілетін стандартты іс-шара. Мұндай доза анықталған жоқ. Ерітіндіге еритіндей көп мөлшерде пептидтер қосылса да, пептидті биорегуляторлардың мұндай жоғары дозировкасында жануарлар өлген жоқ. Осыған сүйене отырып, мақтанышпен айта аламыз, Хавинсонның пептидті биорегуляторларымен артық дозалану мүмкін емес.
Пептидті биорегуляторларды сатып аларда жиі қойылатын сұрақ, менің түршігерлік аллергиям бар, пептидтерге аллергия бола ма? Біз әрдайым жауап береміз, Хавинсонның пептидті биорегуляторларына аллергия болмайды. Хавинсонның пептидті биорегуляторларымен осынша уақыт айналыссамда, бірде-бір адам қандай да бір пептидке аллергия болды деген емес.
Санкт-Петербургтің биорегуляция және геронтология институты, пептидті биорегуляторларды жасап шығарушы, сол бағыттағы зерттеулермен 40 жылдан аса уақыттай айналысады. Осы уақыт ішінде бірқатар әртүрлі бағыттағы ауқымды зерттеулер жүргізілді, олардың барлығы Хавинсонның пептидті биорегуляторларының абсолютті зиянсыз екенін көрсетті. Кеңес заманында, осы ғалымдар тобы 6 дәрілік препарат жасап шығарды, олар осы күнге дейін дәріханаларда сатылады. Бірінші дәрілік препарат 1983 жылы шықты. Оның шыққанына бірталай уақыт өтті, қандай да бір келеңсіздік болғанда, бұл препараттарды өндірістен алып тастар еді. Алайда мұндай жағдай болған жоқ, олар сәтті түрде өндірілуде және әлемнің көптеген мемлекеттерінде науқастарға көмектесуде.
Пептидтік реттеу - бұл клетканың оңтайлы жұмысын сақтаудың табиғатпен ойластырылған механизмі, демек пептидтер табиғи, физиологиялық және қауіпсіз жұмыс істейді. Және пептидті препараттардың көп бөлігін дәрігердің тағайындауынсыз өз қалауыңыз бойынша пайдалануға болады.
Ол үшін мынадай түсінік болу керек, пептидтер ағзада не істейді? Пептидті биорегуляторлар ағзадағы қандай процестерді алдын алады немесе артқа қайтара алады?
Қартаю деген не? Қартаю — ақуыз синтезінің төмендеуі. Бұл не мағына? Бізді құрайтындардың барлығы ақуыздар. Ағза жасына байланысты қызмет атқаратын жасушаларды аз-аздан өндіре бастайды, олардың орнына дәнекер тіні мен май тіні жасушалары орын басады. Олар ешқандай қызмет атқармайды, олар бар болғаны болмаса, басқа ештеңе. Жасқа қарай және дерт кезінде бірдей процестер орын алады, жүйелі түрде ақуыз (жасуша) синтездеу мүмкіндігі төмендейді, яғни, ағзада қызмет атқаратын жасуша азая береді, азая береді. Осы, міне, қартаю. Пептидті биорегуляторлар ақуыз синтезі процесін іске қосады, олар науқас емделіп жүрген сырқат орнын толтырады, ал егде жастағы адамдар жасара түседі, себебі ақуыз синтезі артады (жастық шақтағыдай ақуыз мөлшері көбейе түседі).
Қартаю бұл тұрақты, генетикалық бағдарланған процесс. Егер біз пептидті биорегуляторлар көмегімен әсер етсек, ол өз мерзімімен жүреді, тым тез тым баяу емес. Сондықтан пептидті биорегуляторлардан кері қайту әсері болмайды.
Бұл кез келген препаратты жасап шығарушылардың өздеріне қоятын аса маңызды сұрағы. Канцерогенезге зерттеу — бұл міндетті зерттеу. Институт оны жүргізді. Осы бағыттағы зерттеу 35 жылдан аса жүргізілді! Пептидтертің әртүрлі ісіктерге әсері тексерілді және пептидті биорегуляторлар онкогенезді қоздырмайтындығы, сонымен қатар онкопротектор болып табылатындығын барлық зерттеулер бірегей көрсетті, зерттеу нәтижесінде пептидті биорегуляторлар ісіктің көлемін дәлелді кішірейтетіндігі анықталды.
Қай пептидтер қатерлі ісікке әсер етеді? Барлық пептидті биорегуляторлар онкопротектор ретінде қызмет атқара алмайды. Мұндай пептид — 3. Бұлар — Эндолутен, Вилон және Владоникс. Әрбір осы пептид ісікке қарсы белсенділігі бойынша және әр препараттың өзіндік әсер ету механизмімен ерекшеленеді. Ол туралы оқуға болады мұнда.
Егер адамда химио- немесе сәулелі терапия жүргізілсе, бұл кешенге бауырдың пептиді Светинормды және сүйектің қызыл кемігінің пептиді Бономарлотты қосқан жөн. Химио- немесе сәулелі терапия ағзаға токсикалық әсер көрсетеді және бауыр арқылы шығарылады. Сондықтан бауыр жасушалары зардап шегеді және оларды Светинорм көмегімен қорғау қажет. Сүйектің қызыл кемігі де зардап шегеді, ол болса қанның қызыл түйіршіктері мен иммундық жүйенің жасушалары В-лимфоциттері мен Т-лимфоциттерін өндіріп шығарады, ал бұлар ісікпен күресуде аса маңызды.
Осыған қарамастан, назарларыңызға сала кетейік, біз онкологияны емдемейміз! Онкологияны дәрігер онкологтар емдейді. Пептидті биорегуляторлар тек организмнің емделуден тиімді өтуіне көмектеседі.
Бұл сұрақты біздің тұтынушылар жиі қояды. Қазір бағаналы жасушаларды ағзаға енгізу қауіпті екендігін барлығы біледі, мұның дәлелі көп. Сондықтан бұл таңқаларлық сұрақ емес, ал өмірдің сұрағы және адамдар оны анық білгісі келеді. Пептидтер бұл бағаналы жасушалар ЕМЕС және бағаналы жасушалармен ортақтығы жоқ, неге десеңіз?
-
Бағаналы жасушалар — бұл организмде кез келген тінді (жүрек, бүйрек, бауыр) өсіруге болатын жасуша. Пептидтерден тін өсіруге болмайды.
-
Жасуша мыңдаған әртүрлі ақуыздардан құралады, ал пептид ақуыз да емес, ол ақуыздың кішкене бөлшегі. Яғни, пептид бағаналы жасушадан мың есе кішірек.
-
Бағаналы жасушалар ағзаның ішінде сүйектің қызыл кемігімен синтезделеді, ал пептидтер ағзада арнайы синтезделмейді, олар тіршілік барысын тоқтатқан ақуыздың ыдырау өнімі болып табылады.
Міне, сондықтан пептидтер мен бағаналы жасушаларды салыстыру мүмкін емес.
Өте жиі біздің тұтынушылар петидтерді гормондармен шатастырады, шын мәнісінде пептидтер гормон ЕМЕС. Неге десеңіз? Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлінеді, нақтырақ айтсақ, қалқанша безі, бүйрекүсті безі, аналық безі. Пептидтер ағзада ештеңеден синтезделмейді, олар тіршілігін тоқтатқан ақуыздың ыдырау өнімі болып табылады. Пептид дегеніміз — гормондарға қарағанда мүлдем басқа зат.
Ең алғаш пептид туралы неміс ғалымы Герман Эмиль Фишел 1900 жылы жария етті. Ол 1905 жылға қарай лабораторияда пептидтерді синтездеуге болатын әдіс ойлап шығарды. Бұл ашылу кең қолданысқа ие болған жоқ. Бірнеше жылдан кейін кейбір ғалымдар жасару бойынша тәжірибелер жүргізді. Алдымен маймылдарды, кейіннен адамдарды пайдаланды. Зерттеу жыныс бездерін трансплантациялауға бағытталды. Осы трансплантация нәтижесінде жасару эффектісі байқалды, алайда ол тұрақсыз және ұзаққа бармады.
50-ші жылдардың соңында, 60-шы жылдардың басында КСРО-ның әскери конструкторлары күрделі қару-жарақтар жасай бастады, ол өз кезегінде әскери қызметкерлер жағдайына және денсаулығына жағымсыз әсер етті, сәйкесінше Кеңес әскерінің жауынгерлік дайындығына да. Елеулі аймақтарда Отан қорғайтын әскери қызметкерлерде, су асты, ұшақ жүргізушілері, стратегиялық тағайындалған зымыран әскерлері сияқты адамдарда дәрігерлер ағзаның жаппай ерте қартаюын диагностикалады. Жүктемелерге байланысты әскери қызметкерлердің биологиялық жасы паспорттағы жаспен салыстырғанда алдыда еді. Бұл Кеңес Одағының үкіметі үшін күрделі мәселе болып табылды. Медицина ғалымдарына осы мәселені шешу және паспорттағы жаспен биологиялық жасты қалпына келтіру туралы міндеттер жүктелді.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдарының соңында, С.М. Киров атындағы әскери-медициналық академияға 2 курсант түседі, Хавинсон В.Х мен Морозов В.Г. Олар жігерлі, білімді және қызығушылығы мол жастар еді. Өзара ақылдасып, екеуі экстремалды жүктеме кезіндегі иммунды және нейроэндокринді жүйе істен шығатынын болжамдайды. Олардың болжамы бойынша, иммундық жүйенің басты мүшесі — тимустан экстракт алып, оның көмегімен қандай да нәтижелерге жету болатындығын көру. Іске асырды. Тимустан экстракт алып, жасуша культурасына енгізіп, эффект алады. Олар ойлана бастады, бұл экстрактта қандай зат эффект берді екен деп. Экстракттың құрамын көре бастады, эффект беретін құрамаларының бөліктерін тексерді. Курсанттар Хавинсон мен Морозов талдаулар арқасында қысқа ақуыздар - пептидтерге дейін жетті. Барлық эффектіні тасымалдайтын осылар. Олардың қызығушылығы арта түсті. Сонымен қатар, Академия оқытушыларын «тұтатып», олар студенттердің әскери-медициналық Академияның лабораториясында жүргізіліп жатқан зерттеулеріне көмектесе бастады.
Академияны тәмамдағаннан кейін Хавинсон мен Морозов Забайкальский әскери округінің бір бөліміне қызмет атқаруға жіберіледі. Пептидтерді одан әрі зерттеу ұмтылыстары жоғалған емес. 80-ші жылдардың басында Хавинсон әскери-медициналық академиядағы лабораторияның меңгерушісі болып тағайындалады. Осы уақыттан бастап пептидті биорегуляторларды фундаментальды зерттеу және олардың негізіндегі дәрілік препараттарды шығару бойынша күрделі жұмыстар жүргізу басталды.
КСРО ыдырағаннан кейін және әскери-медициналық академиядағы лабораторияның жабылуына байланысты, ғалымдардың алдында сұрақ туындады- ары қарай не істейміз?-деген. Сол уақытта жұмыстың тапшылығына байланысты ғылыми қызметкерлердің көпшілігі сияқты базарға барып, зат сату ма, әлде шет мемлекеттегі ғылыми орталықтардың біреуіне кету ме, оларды қайда шақырды?
Ғалымдар басқа жолды таңдады. Шет мемлекетке Отанға деген сүйіспеншілік жібермеді, бірақ бірдене істеу керек еді. Олар қосыла алатын Ресей ішіндегі зерттеу орталығын іздей бастады. Тәжірибе және жүргізілген зерттеулердің массасы көрсеткендей, пептидтер геропротектор болып табылады.
Демек, бұларды геронтология институтында зерттеу қажет. КСРО-да мұндай институт болған, бірақ ол шет мемлекетте Киевте орналасты, ал Киев енді мүлдем бөгде мемлекетке айналды. Сондықтан өздеріне институт ашуға тура келді және оны Санкт-Петербургтік биорегуляция және геронтология институты деп атады. Пептидті биорегулятор жөніндегі құзырлық осы институтқа тиесілі болды. 1992 жылдан бастап пептидті регуляция саласындағы зерттеулер осы институтпен басқарылады.
Профессор Хавинсонның пікірінше, препараттарды таратудың ең оңтайлы тәсілі — осы. Осының арқасында адамдар препаратты қолданып көріп, өздерінің тәжірибесімен бөлісе алады. Хавинсонның пайымдауынша, пептидтер — жай ғана дәрілік зат емес. Ол, пептидті биорегуляторларды қабылдауға бет бұрғандардың әрқайсысына нәтижелер көрінісін беріп, өзіндік философияны енгізе алады. Жеке таныс адамның мысалынан артық қандай көрнекілік болар?
Желілік маркетинг — кез келген затты таратудың ең тиімді құралы, желілік маркетингтің жұмыс принципі - әр сатып алушы өзінің ұнатқанын туыстарына, достарына және таныстарына ұсынады. Ешкім сапасыз тауарды ұсынбайтындығы айдан анық.
Пептидті ойлап табушылар — жарнамашылар мен маркетологтар емес, ал талантты ғалымдар. Олар жарнамамен айналыспайды, олар шынайы тиімді дәрілік заттарды өндірумен айналысады. Міне, сондықтан пептидті биорегуляторлар туралы ақпарат оншалықты көп емес.
Жарнаманың аз ақша емес екендігі бәріне белгілі. Пептидтер компаниясының саясаты басқа принциптерге негізделген. Жарнамадан үнемделген қаражат жаңа зерттемелерге жұмсалады. Профессор Хавинсон пептидтердің ең күшті жарнамасы олардың ағзаға тиімді әсер етуі деген ойды ұстанады. Ол жеңіл пайда табуға ұмтылмайды. Профессордың жоспарлары әлде қайда ауқымды. Владимир Хацкелевич өзінің философиясын бұқараға кеңінен жайып, қартаюды баяулатуға және өлім шақыратын аурулардан емделуге болатынын адамдарға үйретпек.
Сол сияқты, пептидтер фармацевтикалық концерндердің миллиондаған табыстарын түсіретіндіктен де танымал емес. Сақтандыру компаниялары да клиенттерінің ұзақ өмір сүргенін қажет етпейді. Бұл да тиімділігі жоғары дәрілік заттар туралы ақпараттың таралуына кедергі келтіреді.
Жаңа пептидтік препараттарды әзірлеу өте көп материалдық инвестицияларды талап етеді және бұл өте ұзақ процесс. Зерттеулерді жүргізу үшін зертханалар, зерттеушілер, жануарлар, ғылыми қоғам нәтижелермен таныс алатындай басылымдар болуы керек. Барлығы қымбат зерттеулер жүргізуге дайын емес. Сол себепті кейбір сатушылар белгісіз затты пептид деп атап, сатуға дейін түсіп кеткен. Пептидті препараттарды сатып алудан бұрын қабылдауға бел буған; адамдар осы өнімнің қандай екенін, препараттың тиімділігін растау үшін қандай зерттеулер жүргізілгенін, осы препараттар туралы ғылыми басылымдар бар ма, олардың қандай елдерде патенттері бар екендігін зерттеп білу керек. Осы және басқа сұрақтарға жауап іздей бастағанда, біз Хавинсон пептидтеріне балама жоқ екенін түсінеміз! Кеңестен кейінгі елдерде өз пептидтік өнімін ғылыми дәлелдейтін компаниялар мүлдем жоқ.
Мемлекеттің бірінші тұлғаларының денсаулығына ең білікті дәрігерлер қарайтыны айдан анық. Олар дұрыс емес кеңес беруі мүмкін емес. Бұл денсаулығына көптеген ақша жұмсайтын белгілі және бай адамдарға да қатысты. Біз білетіндей, ежелгі дәуірден бастап ең жақсы дәрі-дәрмектерді халықтың ең ауқатты топтары пайдаланған. Мұндай жағдай барлық мемлекетте және барлық заманда болған.
Атақты тұлғалар Хавинсонның пептидтерін денсаулықты сақтау және жасару үшін пайдаланады. Оларға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев пен оның жұбайы Сара Алпысқызы, Нобель сыйлығының лауреаты Жорес Иванович Алферов, Ресейдің ең танымал жаттықтырушыларының бірі Ирина Винер мен оның қыздары, Ресей Федерациясының көркем гимнастика құрамасы, француз актері Жерар Депардье, әнші Валерий Леонтьев, ғарышкер-ұшқыш Гречко Г М., Евгений Петросян және Елена Степаненко жұбайлары, Таиланд Королі Рама 3, сатирик Леон Измаилов және басқалар жатады.