Биопептидтердің ағзаға түсуінің дәстүрлі тәсілі, басқа да препараттар сияқты капсула күйінде ауыз арқылы (асқорыту жолдары арқылы). Алайда барлық адам алдын алу мақсатында капсулаларды қабылдауға дайын емес, сондықтан Санкт-Петербургтік биорегуляция және геронтология институты мен “Peptides” компаниясы бірлесіп, адам ағзасына пептидті биорегуляторлар түсуінің басқа жолын зерттеді – бұл трансдермальді (тері арқылы). Осылай табиғи пептидтік кешендерді сыртқа қолданудың жаңа генерациясы пайда болды.
Зерттеу барысында, пептидтік биорегуляторларды тері бетіне қолданғанда олар терінің тереңіне қарай сіңіп, дендритті жасушалармен (бұл арнайы иммундық жүйе жасушалары) жұтылатындығы анықталды. Бұл жасушалар лимфа безіне қарай бағытталады, мұнда жұтылған биопептидтер босайды. Ары қарай лимфа ағысымен орталық қанайналымға түсіп, қанмен бірге бүкіл ағзаға тарайды, сөйтіп нысана-ағзаларға жетеді де, өз әсерін көрсетеді.
Сыртқа қолдануға арналған пептидтік кешендердің құрамы
Ерітіндідегі пептидтік кешендер тізбегі құрамына 1-ден 4-ке дейін табиғи (цитомакстер) пептидтер, сондай-ақ бірқатар қосымша заттар кіреді:
• Женьшень негізінде жасалған “Неовитин” биоантиоксидантты кешені – пептидті биорегуляторлар әсерін күшейтеді;
• эфир майлары – биопептидтердің сіңірілуін жақсарту үшін және тері арқылы енуін жылдамдату үшін керек.
• Глицерин мен пропиленгликоль - препараттардың негізі ретінде қолданылады, олар ерітіндіні тері бетіне жаққанда оңай босатады.
Маңызды! Препараттар құрамындағы пептидтік кешендер экстракция жолымен 12 айдан аспаған бұзаулардың (басқа жануарлардың тіндері қолданылмайды) тіндері мен мүшелерінен алынады.
ПК сыртқа дұрыс қалай пайдалануға болады
Алдымен сізге қажетті биопептидті таңдап алған жөн. Препаратты таңдау барысында оның атына емес, құрамына кіретін компоненттеріне мән берген дұрыс: біздің сайтта әрбір препаратпентолығырақ танысып, қажеттілікке қарай керегін таңдау қажет.
Осы генерация препараттары сыртқа қолданылады – бірнеше тамшыны (олардың саны 1 тамшы 10 кг салмаққа есебінен алынады) бір қолдың білек терісіне жағылады. Содан кейін екінші қолдың білегімен ерітінді сіңгенше ысқылау керек. Процедурадан кейін 30 минут ішінде құрал пайдаланылған аймақты жумаған жөн.
Қажет болған жағдайда бірден бірнеше препаратты қолдануға болады, алайда оларды қолданудың арасы 15-20 минут болуы керек. Күніне 6 әртүрлі ПК қолдануға рұқсат етіледі. Сұйық пептидті биорегуляторларды пайдалану курсы айтарлықтай ұзақ – 9 айға дейін. Қайталау курсын алдыңғысынан 4-5 айдан өткен соң бастауға болады.
Кейбір препараттарды тек қол терісіне ғана емес, басқа да дене аймақтарына пайдалануға болады. Мысалы, сіз бет терісін жасартқыңыз келсе немесе тері ауруларын (безеу немесе розацеа сияқты) алдын алғыңыз келсе, онда препаратты бет терісіне сіңдіру керек; ол үшін ПК-13 бәрінен де жақсы. Немесе ПК-17 қолдануға болады, оның құрамында көз алмасының, ми мен қантамырлардың пептидтері бар, оны көз айналасындағы теріге және қабаққа жағуға болады.
Препараттарды жергілікті қолдану нысана-ағзадағы концентрацияны жоғарылатады және керек емес жоғалтулардан құтқарады, себебі қан ағысындағы пептидті биорегуляторлардың «саяхатында» азаюын болдырмау мүмкін емес.
Сұйық пептидтік кешендер: артықшылықтары мен кемшіліктері
Енгізу жолы басқа биорегуляторлық пептидтермен салыстырғанда сыртқа қолдануға арналған сұйық пептидті кешендер бірқатар артықшылықтарға ие:
1. Оларды таблетка немесе инъекция үшін қарсы көрсеткіштер болған жағдайда қолдануға болады.
2. Басқа препараттармен салыстырғанда салыстырмалы түрде арзан. Біздің каталогта сіз пептидті өнімнің барлық спектрімен танысып, Қазақстан үшін өте төмен бағадағы препараттардың кез келгеніне тапсырыс бере аласыз.
3. Сыртқа қолдануға арналған сұйық пептидті кешендерді кез-келген жаста қолдануға болады,бірақ көп жағдайда балаларда қолдануға жарамды — онда белсенді заттың мөлшері капсуладан аз және оларды балаларға мөлшерлеу оңайырақ.
4. Қолдану қарапайымдылығы — препаратты теріге жағу айтарлықтай оңай. Бұл әсіресе жануарларда қолданғанда маңызды — препараттың капсуласын жануарларға беру қиындық туғызады, бірақ сұйық ПК теріге проблемасыз қолдануға болады.
Сұйық ПК-де кемшіліктер жоқ. Шартты кемшілік деп қабылдау курсы 6 айдан кем емес, мұны жеткілікті ұзақ деп санауға болады. Бірақ бұл қажеттілік ПК белсенді компоненттерінің төмен деңгейіне байланысты және әсерді толық іске асыру үшін көп уақыт қажет. Яғни, нысана-ағзаның жасушалары алдымен қалыпты жағдайға дейін қалпына келтіріледі, содан кейін қартаю процесін баяулата отырып, жалпы ағзаның қызметін жақсартады, "жемісті" жұмыс істей бастайды. Бұл тұрғыдан, әрине, капсуладағы биорегуляторлық пептидтер тиімдірек.
Биопептидтерге аллергиялық реакциялар болмайтынын есте сақтау керек, бірақ эфир майларына аллергия дамуы мүмкін. Сондықтан препаратты таңдағанда оның құрамына кіретін эфир майын қалыпты көтере алатыныңызға көз жеткізген абзал.